«Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өз мәресіне жетті

18.11.2010

Көрулер: 3585

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтап, «Жалын» фестиваль лауреаттарын марапаттады. Ректор бастамасы әрі қолдауымен университет көлемінде бірінші рет 1-курс студенттері арасында «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өтіп отыр. Фестивальдің бірінші кезеңі 1400-ден аса бірінші курс студенттерінің қатысуымен факультеттер деңгейінде өткізіліп, екінші кезеңге жолдама алған 500-ге жуық студент бақтарын сынады. Фестивальдің мақсаты – жігер оты жалындап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткізбей, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың заман ағымына ілескен зымыраған күндеріндегі бос уақыттарын әсерлі ән, көк нөсер күй, күмбірлеген домбыра, мың бұралған би әлемімен қауыштыру. Фестивальге қатысқан көркемөнерпаздардың саны көңілге қуаныш ұялатты. Фестивальдің марапаттау рәсімі мен гала-концерті Студенттер сарайының үлкен сахнасында 2010 жылдың 17-қараша күні өтті.

Олар:

- Дәстүрлі ән номинациясы бойынша механика математика факультетінің студенті Азат Гүлнұр;

- Эстрадалық ән номинациясы бойынша тарих факультетінің студенті Бердалы Ерман;

- Эстрадалық ән номинациясы бойынша заң факультетінің студенті Түймешова Жаннат;

- Лирикалық ән номинациясы бойынша химия факультетінің студенті Тұрғанбекұлы Сұлтанбек;

- Эстрадалық ән номинациясы бойынша экономика және бизнес жоғарғы мектебінің студенті Байсалова Ботагөз;

- Эстрадалық ән номинациясы бойынша механика және математика факультетінің студенті Арыстанбек Әсет;

- Аспаптық ансамбль номинациясы бойынша механика және математика факультетінің студенттік «Математик» ансамблі;

- Аспапта ойнау шеберлігі номинациясы бойынша экономика және бизнес жоғарғы мектебінің студенті Каракулова Динара;

- Аспапта ойнау шеберлігі номинациясы бойынша халықаралық қатыныстар факультетінің студенті Ливщиц Илья;

- Аспаптық әуен номинациясы бойынша механика және математика факультетінің студенті Борибаева Элина;

- Заманауи би номинациясы бойынша физика факультетінің «SOMEONE» тобы;

- Оқиғалы би номинациясы бойынша колледж студенттерінің «Kinder of KazNU» тобы.

- Ұлттық би номинациясы бойынша механика және математика факультетінің студенті Сагалова Әсел;

- Көркем сөз номинациясы бойынша журналистика факультетінің студенті Наурызалиев Нұрлан;

- Көркем сөз оқу номинациясы бойынша филология факультетінің студенті Оспанбек Ерсін;

- Көркем сөз номинациясы бойынша тарих факультетінің студенті Жолдасов Аян;

-Көркем сөз номинациясы бойынша Халықаралық қатынастар факультетінің студенті Амангелді Іңкәр;

«Жалын» фестивалі жас талантарды табуға, олардың өнерін ары қарай дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Ғалымқайыр Мұтанұлы марапаттау рәсімінен кейін жас жұлдыздарға: «Бұл игі істің тек бастамасы ғана болсын, төрт жыл ішінде біз сендердің өнерлеріңді басқа қырларынын да танып, тамашалай берейік. Өнерлерің өрге жүзсін!» - деп өзіңің ыстық лебізін білдірді.

Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаменті