Шәкіртақы иегерлері марапатталды

23.04.2019

Көрулер: 3329

Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері мен докторанттарына 15 млн теңгеден астам соманы құрайтын шәкіртақы табысталды.

42 студентке тағайындалған шәкіртақы иегерлерінің ішінде археология, этнология және музеология кафедрасының доктаранттары Жұматаев Ринат пен Ермекбаева Айнұр Италия Мәдениет Министрлігінің (OPD реставрациялық зертханасы) 1000 евро көлеміндегі шәкіртақысын иеленді. Ресейлік іргелі зерттеулер қорынан (Российский фонд фундаментальных исследовании) бөлінген 2 000 000 теңге көлеміндегі шәкіртақыны Тулешова Улжан жеңіп, Нұртай Күнбекке Ақай Нүсіпбеков атындағы стипендия бұйырды. Марапаттау сәтінде «Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеудің республикалық ғылыми-зерттеу орталығының» стипендиаты Зұлхарнайұлы Шерхан студенттер атынан ҚазҰУ басшылығы мен факультеттің оқытушы-профессор құрамына ерекше алғыс айтты.

www.kaznu.kz