Көктем шуағы

07.03.2019

Көрулер: 3072

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Елордамыз Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өтті. Кездесуге көп балалы ана ретінде «Күміс алқа» иегері, алты баланың анасы, филология ғылымдарының кандидаты, білікті маман, университетіміздің филология және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Мәншүк Құдайбергенқызы Мәмбетова және т.б. қатысты.

Кездесу барысында Елбасы жиынға қатысушыларды және еліміздің бүкіл әйелдер қауымын келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, көп балалы аналарға қолдау көрсетуге арналған жаңа ауқымды әлеуметтік шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын ескере отырып, көрсетілетін көмек көлемі біртіндеп арта беретінін ерекше атап өтті.

Жыл сайынғы өткізілетін бұл іс-шарадан Президент Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпақты тәрбиелеу ісінде әйелдердің маңызды орын алатындығын ерекше ескеретінін айтты.

www. kaznu.kz

www.kaznu.kz