Токио университетінің студенттеріне арналған семинар

13.03.2019

Көрулер: 3062

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Токио университетінің (Жапония) студенттеріне «Қазақстан Ұлы Жібек жолы бойында» атты ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Ғылыми-практикалық семинар Жапония мен Қазақстан арасындағы Ұлы Жібек жолындағы ынтымақтастықты дамыту мен мүмкіндіктерді талқылау үшін ұйымдастырылды. Жапон оқытушылары мен студенттеріне арналған ғылыми-практикалық семинар ҚазҰУ сыртқы академиялық мобилдікті дамыту, стратегиялық академиялық қатынастарды жүзеге асыру бағдарламасы және Токио университетімен келісімге сәйкес өткізілді.

Іс-шара барысында Токио университетінің оқытушылары мен студенттері халықаралық аренадағы Қазақстанның «көп векторлы» сыртқы саясатының ерекшеліктерімен, «Жаңа Жібек жолының» тұжырымдамасын дамытуға қосқан елеулі үлестерімен және де Қытайдың жетекші «One Belt One Road» стратегиясының аймақтағы экономикалық, әлеуметтік және білім беруді дамытудың болашағына әсерімен танысты. Қатысушылар сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойынша ынтымақтастықты дамытуға және әртүрлі жобалар бойынша, әсіресе инфрақұрылымдық жобалар бойынша Жапониямен ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады. Бұл курс қысқы мектеп және «Аймақтану: Орталық Азияның саясаты, экономикасы және мәдениеті» бағдарламасы аясында өткізіледі және Қазақстанда далалық зерттеулерді қамтиды.

Ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев Токио университетінің және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірлескен жобаларына арналған Жапония мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Токио университетімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жемісінің бірі Қазақстан үшін «Наноспутник» құрудың заманауи жобасы болды. Ол сондай-ақ ҚазҰУ мен Токио университеті арасында академиялық және білім алмасуды дамыту мәселелерін талқылады.

Пан Ги Мун атындағы Тұрақты Даму Институтының директоры, «Орталық Азия республикалары» және «Орта Азиядағы тұжырымдамалық Атлас» атты американдық университеттер үшін шығарылған кітаптар мен оқулықтардың авторы, профессор Рафис Абазов қысқы мектептің оқушыларына дәріс оқып, семинар мен ынталандырушы интерактивті пікірталастар өткізді. Күн тәртібінде Қазақстанның Ұлы Жібек жолындағы саясаты, Қазақстан мен Жапония арасындағы Ұлы Жібек Жолының тұрақты дамуына арналған технологиялық, білім беру және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы талқыланды.

Презентация барысында қонақтар Қазақстан үкіметінің құрылымы мен қызметімен, сондай-ақ Ұлы Жібек жолындағы саясатымен танысты. Семинар барысында Токио университетінің студенттері Жапонияның Ұлы Жібек жолындағы рөлі туралы зерттеу жобаларына арналған әртүрлі идеялар мен тақырыптарды талқылады.

 

 

www.kaznu.kz