ҚазҰУ студенттері Жұмыс берушілер Кеңесінің мүшесі - Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. өкілдерімен кездесті

27.09.2010

Көрулер: 2997

24 қыркүйекте Мансап секторының ұйымдастыруымен ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің мүшесі - Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. өкілдері мен студенттердің кездесуі өтті. Кездесудің басты мақсаты Қазақстан жас мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында суденттер компанияда тәжірибе жинанқтайтын болады.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясында тәжірибеден өтетін студенттер оқуда жинаған теориялық білімдерін іс-жүзінде дәлелдеп қана қоймай, әлем стандарттарына жауап беретін кәсіпкерліктің негізгі ережелерімен танысып, таңдаған мамандығы бойынша шыңдалады.

Мансап секторы