Құттықтаймыз!

23.09.2010

Көрулер: 2764

Құрметті Бақытжан Тұрсынұлы!

Сіздің таусылмас жігеріңіз бен қажыр-қайратыңыз ұжымды өзекті мәселелерді шешуге, қазақстандық білім кеңістігін әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жетеледі.

Сіздің жетекшілігіңізбен біз ҚазҰУ-дың жаңа даму стратегиясын жүзеге асыруды бастадық. Аз ғана уақыт ішінде университетте білімдендіру жұмысы түбірімен жақсарды – заманауи топ-менеджментті еңгізу мен кредиттік технологияға толығымен көшу, ғылыми байланыстың жаңа деңгейі және халықаралық әріптестік, студенттік өзін-өзі басқару жұмыстары мен ҚазҰУ-дың биік рухының қайта оралуын ерекше атауға болады.

Сіз, Бақытжан Тұрсынұлы, ҚазҰУ-ды отандық барлық ЖОО рейтингісінде көшбасшылыққа жеткізіп, студенттерді қабылдау кезінде рекордтық нәтиже көрсету арқылы біздің туған университетіміздің ұжымын жоғары биіктерге шығардыңыз.

Құрметті Бақытжан Тұрсынұлы!

Сіздің жаңа қызметіңіз – бұл еліміздің басшылығы тарапынан Сізге деген үлкен сенім мен еліміздің бас университетіндегі қызметіңізге берілген жоғары баға. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мыңдаған ұжымы шын жүректен Сізге сәттілік, таусылмас қажыр-қайрат тілей отырып, отандық білім кеңістігінде жаңа бастамалар мен жемісті жұмыстар атқаруыңызға тілектестік білдіреді.

Сіздің жетекшілігіңізбен қазақстандық білім және ғылым жаңа шекараларға және әлемдік табыстарға шығады деп сенеміз.