«KAZENERGY» ҚазҰУ студенттерін шақырады

07.09.2010

Көрулер: 2699

«KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ жəне энергетика кешені ұйымдары Қауымдастығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерін PETROBILIM халықаралық байқауына қатысуға шақырады.

«KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ жəне энергетика кешені ұйымдары Қауымдастығы қазан айының 5-6 жұлдызында Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайында «Еуразияның энергетикалық картасы: тәуекел және тың мүмкіндіктер» атты KAZENERGY 5-ші Еуразиялық Форумын өткізеді. Форум шеңберінде Қазақстанда алғашқы рет PETROBILIMтм халықаралық байқауы өтеді – мұнай саласындағы білімді тәжірибеде қолдану байқауына Қазақстан, Норвегия, Ресей, Ұлыбритания елдерінің жоғарғы мектеп өкілдерінен құралған 125 команда қатысады. Байқауға: экономика, қаржы, менеджмент, юриспруденция, ақпараттық жүйелер және т.б. мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады.

Қатысу үшін 10.09.2010ж. дейін қатысушы мәлімдемесін өткізіп, 5 студенттен тұратын топтарды анықтау керек. Толық мәлімет алу үшін Мансап секторына хабарласуыңызды өтінеміз, Ректорат, 1-қабат, кеңес беру орталығы, тел. 377-33-63, 377-33-73, Сабира Исалдаева, жоба менеджері.

Мансап секторы