Политбюро, Қытай Комунистиік партиясы Орталық комитетінің секретариаты, ҚКП ОК Насихат бөлімінің министрі Лю Юньшан мырза бастаған Қытай Коммунистік партиясы делегациясының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапары

02.09.2010

Көрулер: 2715

3 қыркүйек, 2010 ж. сағат 17.00 Алматыға Политбюро, Қытай Комунистік партиясы Орталық комитетінің секретариаты, ҚКП ОК насихат бөлімінің министрі Лю Юьншан мырза бастаған Қытай делегациясы келеді. Сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының әріптестік байланысын одан әрі дамытып, “Нұр Отан” ХДП мен Қытай Комунистік партиясы арасындағы әріптестік Меморандумын нығайту.

Бағдарлама бойынша 23 адамнан құралған қытайлық делегация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келеді. Мұнда делегация жетекшісі Лю Юньшан мен ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов арнайы кездесіп, экономика және әлеуметтік сала негізінде екі жақты әріптестік пен байланыс мәселелерін қарастырады. Қонақтардың келуі делегация мүшелері мен университет ұжымының, сонымен қатар “Нұр Отан” Халықтық-Демократиялық партиясы мүшелерімен кездесуге жалғасады.

Сонымен бірге қонақтар ҚазҰУ жанындағы “Конфуция Институтының” жұмысымен танысады.

Конфуция Институты идеясы Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз достастықтың нәтижесінде екі елдің басшыларының қолдауымен 2002 жылы қолға алынды. Қазақстанның жетекші университеті мен Ланьжоу университетінің көпжылдық әріптестігінің негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 2007 жылы ҚазҰУ Қытай тілі орталығында қалыптасып “Конфуция Институты” деп аталып, құрылды. Институт жұмысы қазақстандық және қытайлық оқытушылардың көмегімен қытай тілі мамандарын дайындау болып табылады.

Кездесу уақыты: 3 қыркүйек 2010 ж., сағат 17.00, Ректораттың мәжіліс залы(9 қабат). Мекен-жай: әл-Фараби даңғылы, 71.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі (727)377 35 20