«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Шаяхметова Үміт Болатханқызы экономика және бизнес Жоғарғы мектебінде көшбасшылық лекция оқыды

02.09.2010

Көрулер: 3921

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Болатханқызы Шаяхметованың көшбасшылық лекциямен еліміздің ең мәртебелі факультеттердің бірі – ҚазҰУ-ның экономика және бизнес жоғарғы мектебінің жаңа оқу жылы басталды. Оқу жылын мемелекетте және шет елде кәсіби шеберлігімен танылған тұлғалардың лекция оқуы жылдан-жылға дәстүрге айналып барады.

Лекция негіздік білімге, басқарма қызметіне, кәсіпшілік сферадағы тәжірибеге, бүгінгі қоғамда көшбасшылықты дамыту жөніндегі жаңа көзқарасқа арналған. Атақты лектор студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, болашақта көшбасшы болуға көмектесетін арнайы ұсыныстары мен көшбасшының бойында болатын қасиеттерді дамытуға атсалысатын ақыл-кеңестерін берді.

Білімді студенттердің аудиториясы, мықты профессорлық оқутышылық ұжымы, экономика және бизнес Жоғарғы мектебінің жоспарларының көлемділігі Үміт Болатханқызына өте үлкен әсер қалтырды. Студенттер қөшбасшылық лекцияға, еліміздің басты бизнесвуменнан кәсіпшілік туралы тыңдау жаңа мүмкіншілікке разы болды. ҚазҰУ-мен мықты серіктік қарым-қатынастың одвн әрі дамуына үміт білдірді.

Үміт Болатханқызы банкілік жүйеде 1997 ж. бастап жұмыс істейді. «Қазақстан АБН АМРО Банкі» ЖАҚ еншілес банкінде (ЕБ-де) құрылымдық қаржыландыру басқармасының маманы (1997-98 жж.), «ABN AMRO Asset Management» Зейнетақы активтерін басқару компаниясы (ЗАБК) Басқармасының төрағасы (1998-2000 жж.), «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ басқарушы директоры (2000 ж.), «Қазақстан АБН АМРО Банкі» ЖАҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары (2000-2004 жж.) қызметтерінде болды.
Халық банкінің Директорлар Кеңесінің 2009 жылдың 22 қаңтарында қабылданған шешіміне сәйкес Ү.Б.Шаяхметова Банктің Басқарма Төрайымы болып тағайындалды.

Экономика және бизнес Жоғарғы мектебі

Мансап секторы

Қазақпарат