ҚазҰУ Корея Республикасының жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік байланыста

13.08.2010

Көрулер: 3302

13 тамыз 2010 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Кореяның Мокпо ұлттық университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында аталмыш университеттің электро энергия факультетінің профессоры Ли Джин, Пак Су Ен; IT технология және электроника факультетінің деканы Со Сун Юль, электоро энергия факультетінің профессоры Ким Чанг сан, электро энергия факультетінің деканы Шин Хен-ын, Алматыдағы Корея Республикасы Елшілігінің жетекшісі, Бас Консул, елшіліктегі экономикалық департаменттің директоры Джун Ен-куон бар.

Мокпо ұлттық университеті 1946 жылы құрылған. Университетте 6 факультет бар, бұл факультеттерде 9000-нан аса бакалавр білімгері мен 785 магистрант білім алуда. Сонымен қатар, Макпо ұлттық университеті 13 шетелдік жоғары оқу орынымен әріптестік байланыс орнатып, студенттерді алмасып оқыту бағдарламасын жүзеге асырады. Шетелдік студенттер құжаттарын бакалавр жүйесіне, магистр академиялық дәрежесіне немесе кәріс тілін оқу курстарына тапсыра алады. 1946 жылдың қазан айында Мокпо педагогикалық метебі ашылды. Соңғы бірнеше жылдар ішінде бұл мектеп Мокпо педагогикалық институты деңгейіне дейін көтерілді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Корея Республикасының Дэгу, Кангвон, Кангнам, Кьонги, Кьен Хи, Кьенг Сан, Сюнгкван, Сунг Сил, Усок, Ханкук шет тілдер университеті, Чунгджи, Чоннам ұлттық университеті, Киюнпук ұлттық университеті, Ханянг университеті, Кәрістік қор, Фонд, Пусан ұлттық университеті, «Shinhan Bank» АҚ сияқты тағы да басқа бірнеше жоғары оқу орындарымен білім саласы бойынша және студенттерді алмасып оқыту бағдарламалары бойынша, шетел тілін оқыту дәрістері бойынша тығыз әріптестік байланыс орнатқан. Осы байланыстың нәтижесінде 2009-2010 оқу жылында Оңтүстік Кореяға ҚазҰУ-дың 44 студенті тілдік өтілімге барып қайтты, ал 1 қызметкер халықаралық конференцияға қатысып, біліктіліггін көтеріп, ғылыми-зерттеу еңбектері тәрізді жұмыстар жасап қайтты. Жыл сайын шығыстану факультетіндегі корейтану кафедрасы Корей университеттерінен кәріс тілі пәнінің мамандарын шақырып тұрады.

Бүгінгі жиын барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Мокпо ұлттық университеттері арасындағы әріптестік байланысты одан әрі нығайту шаралары қарастырылды.

Бұл басқосуды ҚазҰУ-дың білім саласындағы жетістігін әлемдік білім кеңістігінде мойындаудың бір көрінісі деуге болады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі