Оқу жылы қазақстандық және халықаралық бизнес-қоғамдастық көшбасшыларының дәрісімен басталады

05.08.2010

Көрулер: 3264

Еліміздегі жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу жылы 1 қыркүйекте – қазақстандық және халықаралық бизнес-қоғамдастықтың жетекші көшбасшыларының дәрісімен басталады, деп хабарлайды Мансап Секторы. Бұл айтулы дәріс көшбасшылыққа жету, басқару, көшбасшылық келбеті сияқты түрлі тақырыптармен ерекшеленбек.

Дәріс оқу үшін спикерлер қатарына ҚазҰУ-дың Жұмыс берушілер кеңесі құрамындағы компания жетекшілері шақырылды. Олардың арасында Британ университеті түлектерінің клубы, «Қазатомпром», «KPMG», «Еуразия банкі», «Microsoft», «ҚазМұнайГаз», «RFCA», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», «Даму» қоры, Британдық кеңес және тағы басқалары бар. Қонақтардың көшбасшылық туралы дәрістері студенттерге көшбашылық қасиеттер мен қабілеттерді үйретіп, тәжірибелерімен бөліседі. Студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші курс студенттеріне оқу 20 тамыздан басталады, бұл аралықта олар оқу үдерісінің академиялық талаптарымен, ішкі Интранет жүйесімен, математика, ағылшын, көшбасшылық және тағы да басқа саладағы foundation бағдарламасымен танысып, пән таңдап, тіркелу жұмыстарын орындайды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі