ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылуға дайындық

04.08.2010

Көрулер: 2911

ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылуға дайындық тамыздың 10-20 күндері аралығында өтеді. ҚазҰУ студенттерінің қатарына ену бойынша бұйрыққа алғашқы болып «Алтын белгі» иелері, «Әл-Фараби», халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары кіреді.

Жаңа студент атанғандар үшін оқу жылы оқу-бағдарламалық аптадан 20 тамыз күні басталады. Бірінші курс студенттері академиялық оқу ережелері, білім бақылау жүйесі, көшбасшылық негіздерімен, математика, ағылшын және т. б. пәндердің бағдарламаларымен егжей-тегжейлі танысады. Одан басқа талапкерлер тіркеуші-кеңсе, тіркеу ережелері, пәндерді таңдау, www.kaznu.kz сайтымен және Интранет ішкі жүйесімен таныса алады.

Биыл ҚазҰУ-дың студенттері Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Франция, Германия, Жапония және Кореяның жетекші университеттерімен бірігіп жасалған оқу бағдарламасы бойынша білім алады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі