«Мен – ҚазҰУ-дың түлегімін!» фотобайқауы мәресіне жетті.

02.08.2010

Көрулер: 2851

«Мен – ҚазҰУ-дың түлегімін!» фотобайқауы қортындыланды. Фото байқаудың жұмысы қайталанбас ерекшелік, эксклюзив, күрделілік, ойдың аяқталуы бойынша бағаланды. Кәсіпқой карьера бойынша автордың әуесқой қолтаңбасы ескерілді. Байқау жұмыстары 2010 жылы шілденің 9-21 күндері аралығында сұрыпталды. Байқауға қатысу үшін 200 мәлімдеме қабылданған. Мәлімдемелерге мансап секторы төрағалық жасап, жеңімпаздарды анықтады.

Аталмыш байқаудың жеңімпазы болып экономика және бизнес факультетінің түлегі Азамат Данников атанды. Азамат бакалавриатты үздік бітіріп, бірден Еуразиялық банкке «Future twenty» инновациялық бағдарламасы бойынша менеджер маманы болып жұмысқа орналасты.

Азаматты жеңісімен құттықтаймыз! Сонымен қатар байқауға қатысқан барлық студенттерге біз алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта жеңімпаздың фотосы «Қазақ университеті» газетіне жарияланып, GSM Қазақстан компаниясынан естелік сыйлық алмақ.

Мансап Секторы