PhD докторанттары өз жұмыстарының тезистерін шетелдік университеттерге ұсынды

30.07.2010

Көрулер: 2821

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ноттингем Университеттінің екі жақтық қарым-қатынас шеңберінде ҚазҰУ-дың PhD докторанты М.А.Қаратаев Ноттингем Университетінің экологиялық басқарма Орталығында өз жұмысының тезистарын ұсынды.

Зерттеу Рудно-Алтайлық табиғи-шаруашылық жүйесінің қалыптылық дамуының интегралдық бағалауға арналған. Бағалау әдістемесі аумақтың өнеркәсіптік, инвенстициялық, демографиялық потенциалдарын және т.б. қоршаған орта қалыпын сипаттайтын 16 негіздік индикаторлардан тұрады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалауда адам дамуының индекстік көрсеткішіне ерекше назар бөлінеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысын ұсыну нәтижесінде PhD докторанты М.Қаратаев сертификатпен марапатталды. Бұл сертификат осы жылдың қыркүйек айында Лондонда өтетін өзекті ғылыми симпозиумға қатысуға мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңң докторанттары шетелдік жетекшілер басшылығымен Лондон Университеті (Ұлыбритания), Колумбия университеті (АҚШ), Лунд Университеті (Швеция), Пьер және Мари Кюри университеті (Франция), Вена Университеті (Австрия), Йокогама университеті (Жапония), М.В.Ломоносов атындағы ММУ (Ресей) сияқты әлемнің ең үздік оқу орындарында ғылыми тәжирибеден өтеді.

Физика факультетінің студенттерін Дубна қаласына (Ресей), Аризона қаласына (АҚШ) Халықаралық Бірлескен ядролық зерттеу институтына жіберу мүмкіндіктері бар. Шығыстану факультеттінің студенттері шетелдік зерттеу тәжирибесін Қытай (Тянцзин университеті, Пекин университеті, Шэнянь университеті), Жапония (Хиросима университеті, Киото университеті), Турция (Анкара университеті), Иран (Тегеран университеті) мемлекеттерінде өтеді. Философия және саясаттану факультетінің студенттері зерттеу тәжирибесін Стамбулдағы Өнер және мәдениет университетінде өтеді. Механика-математика факультетінің студенттері кәсіби тәжірибені Сеул қаласы (Оңтүстік Корея) IT-технология Университетінде, Ньюкасл Университетінде (Ұлыбритания) өтетін болады.

Баспасөз қызметі