Болашаққа инвестициялар

28.07.2010

Көрулер: 2933

ҚазҰУ-дың Жұмыс берушілер Кеңесінің бастамасы бойынша білім беру бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аталмыш бағдарлама бойынша грант және стипендия жобалары іске асырылып, экономика және бизнес, биология, химия, механика-математика, заң, халықаралық қатынастар факультеттердің 100-ден аса студенті гранттың иегері болды. Грантты «ҚазМұңайГаз» ҰҚ, «АқтөбеМұңай» АҚ, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» Консорциумы, «Халлибертон» АҚ, «ТенгизШеврОил» АҚ, «Қазатомпром» ҰҚ, «Аджип ККО» АҚ, «KazEnergy», «Казцинк» АҚ, «Халық банк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Қытай сауда банкі» АҚ және т. б. компаниялар ұсынды.

Студенттер 4 жылға берілген грантпен қатар үздік компанияларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Әр курста студент сол компанияларда мамандығы бойынша кәсіптік тәжирибеден өтеді және бірінші курстан бастап студенттер жұмыс берушілердің талабы бойынша курстық жобаларды орындайды.

Еуразия банкінің стипендясын ұсынған Ребекка Эгглтон Жұмыс берушілер Кеңесінің мақсатың қолдайтынын айтып кетті.

Осы орайда грант иегері, заң факультетінің 3-курс студенты Нұрманова Саида өзінің әсерімен былайша бөлісті:

- Біздің университетімізге тек қана өзінің алдына үлкен мақсат қойған студенттер түседі. Олар өзінің білімімен және озаттығымен ерекшеленеді. ҚазҰУ-дағы шығармашылық атмосфера, жігерлі студенттер, мықты оқытушылар қазұулық студенттерге сапалы білім алуға себеп болады. «KazEnergy» қауымдастығының гранты маған Қазақстан және Орта Азияның ең үздік университетінде оқуға мүмкіндік берді. Біздің университетіміз ең мықты студентерді шығарады. «ҚазҰУ түлегі» атағын алу үшін мен барлық күш-жігерімді жұмсаймын.

Мансап Секторы