ҚазҰУ-да Британ университеті түлектерінің клубы ашылды

26.07.2010

Көрулер: 2923

ҚазҰУ жанындағы Британ университеті түлектерінің клубы- коммерциялық емес ұйым болып есептеледі және Ұлыбритания елшілігі мен Британ кеңесі қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Қазіргі уақытта клубта 800 –ге жуық клуб мүшелері бар, олар «Болашақ», Еуропалық кәсіпкерлер ассосациясының түлектерімен жұмыс жасайды.

Клуб мынадай бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс жасайды:

- дәріс пен семинар сағаттарын ағылшын тілінде жүргізу;

- тренингтер ұйымдастыру, мастер класстар өткізу;

- ғылыми-зертеу бағдарламалары мен халықаралық жобалармен гранттарды жүзеге асыру;

- конференция ұйымдастыру, кездесулер, форум және дөңгелек столдар ұйымдастыру;

- түлектерді жұмыспен қамтуға көмектесу, тәжірибеден өтуге жағдай жасау.

Мансап бөлімі