ҚазҰУ белсенді жастары көмек көрсетуде

22.07.2010

Көрулер: 2783

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің белсенді жастары жаз айларында да өз белсенділіктерін танытуда. Оған жастардың 2010 оқу жылының талапкерлерін қабылдау комиссиясындағы жұмыстары дәлел болмақ.

22 маусымнан бастап студенттер келер жылдың «балмұздақтарын» ғылым мен білімнің, тәлімді тәрбиенің қарашаңырағы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қызығы мен шыжығы мол студенттік өмірімен таныстыруда. Бұл дегеніміз, көшбасшылық мектептің жаңа буынын жасақтау болып табылады. Талапкерлердің ҚазҰУ-дағы зор мүмкіндіктерін әр бағытта таныстыруда. Сонымен қатар болашақ студенттерді еліміздің ең басты студенттер қалашығымен және онда орналасқан Студенттер сарайы, ҚазҰУ мұражайы, Жастар интернет орталығы мен Студенттер үйімен таныстырады.

Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі