«СҚЖ-2010» кубогына футболдан турнир өтті

19.07.2010

Көрулер: 3026

Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттік құрылыс жасақтарының арасында футболдан дәстүрлі жарыс өтті.

Сарбаздардың жұмыстан кейінгі бос уақытын тиімді жұмсауға бағытталған спорт бәсекесінде университет факультеттерінің сарбаздары ерекше ептілік танытты. Қортындысында жанкүйерлерді тәнті еткен биология факультеті бас жүлде, екінші орынды заңгер сарбаздары, ал, үшінші орынды физика факультетінің жауынгерлері жеңіп алды.

Бас жүлдеге ие болған биология факультетінің команда капитаны Ажибеков Бағланға «СҚЖ-2010» кубогын Студенттік құрылыс жасақтарының штаб бастығы Ж.Б. Есенбек салтанатты түрде табыстады. Қалған жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өзара бәсеке додада сәтті ойын көрсеткен ҚазҰУ-дың Студенттер құрылыс жасағы 26 маусымда Бостандық ауданының әкімшілігінің қолдауымен өткен үлкен футболда ҚазҰУ-дың намысын қорғап, жүлделі 3 орынға ие болып, заң факультетінің 3 курс студенті Қалқашев Нұрсұлтан мен ҚазҰУ-дың СҚЖ құрама командасы «Ең үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Бостандық ауданының әкімінің қолынан алғыс хат алды.

Алдағы уақытта волейбол, баскетбол және үстел теннисінен сарбаздар арасында жарыстар ұйымдастыру жоспарлануда.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі