Рейтинг-2010: ҚазҰУ – оқу бағдарламаларының көшбасшысы

16.07.2010

Көрулер: 2833

2010 жылдың 13 шілдесінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялық орталығы 2010 жылдың бакалавр дәрежесі бойынша үздік оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының жалпыұлттық рейтингін жариялады. Рейтингтің нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 29 оқу бағдарламаларының ішінде үздік деп танылды.

Бағалау 5 талап бойынша жүзеге асырылды:

  • Талантты студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің ең көп шоғырланған жері (20 %);
  • Ресурстардың мол болуы (20 %);
  • Халықаралық ынтымақтастық (15 %);
  • Түлектердің бәсекеге қабілеттілігі (20 %);
  • Алғашқы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру (25 %);

Рейтингтің нәтижесі ең алдымен үлкен өмірге аяқ басқалы отырған жас талапкерлерге пайдалы.

Келесі кезекте Ұлттық рейтингтің алғашқы үштігіне енген ҚазҰУ-дың оқу бағдарламаларының тізімі берілген.

1-орын
1. 050601-Математика
2. 050602-Информатика
3. 050603-Механика
4. 050703-Ақпараттық жүйе
5. 050705-Математикалық және компьютерлік модельдеу
6. 050604-Физика
7. 050710-Материалтану және жаңа материалдардың технологиясы
8. 050606-Химия
9. 050607-Биология
10. 050701-Биотехнология
11. 050608-Экология
12. 050804-Балық шаруашылығы және балық өнеркәсібі
13. 050609-География
14. 050711-Геодезия және картография
15. 050902-Туризм
16. 050114-Тарих
17. 050203-Тарих
18. 050208-Археология және этнология
19. 050209-Шығыстану
20. 050505-Өлке тану
21. 050202-Халықаралық қатынастар
22. 050302-Халықаралық заң
23. 050301-Заң
24. 050115-Заң негіздері және экономика
25. 050510-Мемлекеттік және тұрғылықты басқару
26. 050501-Әлеуметтану
27. 050503-Психология
28. 050905-Әлеуметтік жұмыс
29. 050504- Журналистика

2 место
1. 050723-Техникалық физика
2. 050210-Шет ел филологиясы
3. 050502-Саясаттану
4. 050511-Маркетинг
5. 050507-Менеджмент
6. 050508-Есепке алу және аудит

3 место
1. 050506-Экономика

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі