«Алтын белгі» иегерлеріне ҚазҰУ-ға шақыру қағазы табыс етілді

22.06.2010

Көрулер: 3152

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өзінің ерекше «Алтын белгі» статусын растаған мектеп түлектердің мерекелік кездесуі өтті. Кеше ғана олар мектеп ғылымының биік шыңдарына ұмтылды, ал бүгін олармен ата-аналары, мектеп мұғалімдері, достары және сыныптастары мақтан етеді.

200 мамандық бойынша оқытатын Еліміздің ең ірі университеті – ҚазҰУ, мектепті өте жақсы бітіру жағдайына байланысты мектептің үздік түлектеріне арнайы мейрам ұйымдастырылды.

Университеттің ғылыми кеңес залының академиялық атмосферасында, салтанатты жағдайда мектеп түлектеріне КазҰУ проректоры Мұрат Қәдесұлы Орынханов ықылас білдірді. Барлық «Алтын белгі» иегерлеріне әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне шақыру хаты берілді.

Мерекелік кездесу университеттің кампусымен танысу және университеттің оқытушылары мен студенттік ұйымдардың активистерімен кездесумен жалғасты.