ҚазҰУ және Дублин Университетінің қарым-қатынас нығаюда

09.06.2010

Көрулер: 2766

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Дублин Университетінің өкілдері болып қайтты.

Кездесу аясында екі жақты оқытушылардың білім алмасуы, студенттік мобилділік, оқу бағдарламасын салыстыру, шетелдік бағдарламаларды игеруде оқытушылар мен студенттердің ағылшын тілін білуі, т.б. мәселелер қарастырылды. Әріптестік байланыста екі жақты дипломның маңыздылығы мен бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Дублин Университеті – әлем рейтингінде жетекші орын алып келе жатқан, білім және ғылымның жан-жақты саласынан білікті маман дайындайтын Еуропа аймағының белгілі университеттерінің бірі. Екі жақты әріптестік екі мемлекет үшін де жемісті болмақ, себебі, Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы еуропалық білім алуға мүмкіндік береді, әрі студенттік және оқытушы қауымның академиялық мобилділігін арттырады.

- Біздің университет республиканың жетекші оқу ордасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ара-қатынасын әрі қарай нығайтпақ ниетте. Себебі ҚазҰУ-дың ғылыми ортасы мен оқытушылар потенциалы өте жоғары. Бұл көрсеткіш әлемдегі еуропалық университеттердің деңгейінен еш қалыспайды, - деді өз сөзінде Дублин университетінің проректоры Клив Виллиамс мырза.

Екі жақты келісімнен кейін Дублин университетінің өкілдері ҚазҰУ қалашығын аралап, тарих және биология мұражайларында болды. Қонақтар университеттің кең ауқымдылығына тамсанып, студенттерге барлық жағдайлар жасалғандығына көңіл бөлді. Соның ішінде ірі кітапхана қоры мен интернетке желісіз қосылуға мүмкіндік беретін Wi-Fi жүйесін ерекше атап өтті.

ҚазҰУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті
(727) 377 33 11