Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Төлеген Тәжібаевтың 100- жылдық мерейтойы

03.06.2010

Көрулер: 3229

2010 жылдың 10 маусымы, сағ. 10.00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Төлеген Тәжібаевтың 100-жылдық мерейтойына (1910-1964 ж.) арналған «Қазіргі жоғары білім берудің мәселелері: жетістіктері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция қатысушылары қазіргі жаһандану жағдайында Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы инновацияның дамуын, білім саласының философиялық және әлеуметтік-саяси, психологиялық-педагогикалық мәселелерін талқылайтын болады. Отырыста Қазақстан болашағының интеллектуалды секірісі үшін бәсекеге қабілетті мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері сөз болады.

Жиынды ҚазҰУ ректоры академик Б.Т. Жұмағұлов арнайы баяндамамен ашатын болады. Сондай-ақ профессорлар Mahmoud F. Hegazi (Мысыр), Gerald Matthews (АҚШ), Қазақстанның Педагогика ғылым академиясының президенті Асқар Құсайынов, ҚазҰУ-дың филлософия және саясаттану факультетінің деканы Ақтолқын Күлсариева (Қазақстан, Алматы) арнайы баяндама жасайтын болады.

Т. Тәжібаев Қазақстан ғылымының жан-жақты салаларының қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосып кетті. Т.Тәжібаев ағарту ісіндегі халық комитетінің орынбасары, Қазақ ССР Сыртқы істер министрі, ҚазҰУ ректоры, ҚазҰУ педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, мәдениет министрі, Қазақ ССР Министрлер Советінің Председателінің орынбасары, Үндістандағы СССР елшілігінде кеңесші қызметтерін атқарған.

50 жылдары Қазақстанда психология ғылымы күрт дами бастайды. Қазақстанда бұрын-соңды болмаған педагогика және психология ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Т. Тәжібаев Қазақстанның педагогикалық ғылымы мен этнопедагогиканың қайнар көзін тапқан адам.

Сондай-ақ, Қазақстаннан тыс елдерде, мәселен, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және т.б. ұлттық білім саласының дамуына ерекше көңіл бөлді. Ол үлкен ғылыми жұмыс атқарды, аспиранттардың жұмыстарын басқарып, докторлық және кандидаттық жұмыстарға оппонент болды. Төлеген Тәжібаевтің арқасында республикада психология және педагогика бойынша бірқатар мамандар дайындалды. Ол өзінен кейін үлкен ғылыми мұра қалдырды. Өзекті мәселелер бойынша докладтар, ғылыми мақалалар, газеттік публикацияларды жазды. Оны жастарды тәрбиелеудегі патриоттық және мәдени мәселелері қатты қызықтырды және ұлттық өнердің дамуына үлкен көңіл бөлді.

Сондай-ақ конференция аясында ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Т. Тәжібаев атындағы дәрісхана ашылады.

Мекен-жайымыз: Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңес залы (ректорат, 15 қабат).

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі (727) 377 35 20