Алматыдағы студенттік субұрқағы

27.05.2010

Көрулер: 3368

Субұрқақтар күнін атап өту ҚазҰУ студенттерінің дәсүрлі мерекесіне айналған. Сұбұрқақтың бұл жылғы ашылымына қазұулық жастар кең көлемді мерекелік шара әзірледі. Сонымен қатар көктемнің шырайлы мерекесі үздік университеттік оқу жылындағы емтихан кезеңінің аяқталуымен тұспа-тұс келіп отыр.

Субұрқағының салтанатты ашылу рәсімін білім ордасының ректоры Бақытжан Жұмағұлов іске асырды. Ол шараға келген бұқараны субұрқақтарының ашылуымен құттықтай отырып, бұл мереке жаздық демалыс пен түлектер емтиханы және соңғы қоңыру сияқты бірнеше игі рәсімдердің басын қосуымен ерекшеленеді деп атап өтті.

– Бүгінде мектеп түлектерінің алдында болашақ мамандықтарын таңдау сияқты күрделі сұрақ тұр. ҚазҰУ ұжымы да жас талапкерлердің сәтті таңдауына назар аударады. Менің білуімше, 42 қазақстандық оқушы біздің “әл-Фараби” олимпиадасында жеңіске жетіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері атанып та үлгерді. Өзге де түлектерге жарқын болашақ пен тура таңдау жасауға тілектеспіз

Сонымен қатар Бостандық ауданының әкімі Зәуре Аманжолова:

– Біздің ауданды Алматы қаласы бойынша жастар ауданы деп айтуға болады. Бұл ауданда 16 жоғары және 11 арнайы-орта білім мекемелері орналасқан. Бостандық ауданындағы студент жастардың саны 80 мыңнан асады. Қазақ Ұлттық университеті еліміздегі жоғары оқу орындарының флагманы болып табылады, сонымен бірге жасампаз күш пен тың идеяға толы жастардың басын қосқан орда. Сол себептен де осы ҚазҰУ қалашығындағы субұрқақтың ашылуына арнайы келіп отырмын, – деді студенттерге өзінің мерекелік тілегін жеткізіп.

Жаздың аптап ыстығында қала жастарына самал есетін Студенттер сарайының алдындағы субұрқағы жастар арасында Ғашықтар субұрқағы деп аталып кеткен. Суының шашырай ағылып, қызылды-көк түске енетін бейнесімен түнгі қалаға әр қосатын бұл сыйлықты университет білімгерлеріне өткен жылы қала әкімдігі сыйға тартқан болатын. Жарық, жайлы орындықтар және әсем гүлдер мен самал су шашып тұрған су бұрқақ маңайы алматылық жастардың есте қаларлық кездесулеріне себеп болып, махаббат мекеніне айналды.

Осы орайда Субұрқақ күнін атап өтуді дәстүрге енгізген ҚазҰУ бұл жылы да мерекелік бағдарламаны өте сәтті ұйымдастырған. Университеттің жұлдыздарына айналған өнерпаздар Марал Жанекеева, Сардор Тлямов, Меруерт Сахова, «Ерке», вокальдық-аспаптар ансамблі, «Бақыт» би тобы және ҚазҰУ–дың хор орындаушылары қала тұрғындарына махаббат әуендері мен патриоттық нақыштағы өлеңдерді орындап мерекелік көңіл күй сыйлады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі