Корейтану кафедрасы сайтының презентациясы

21.05.2010

Көрулер: 2828

2009 жылдың тамыз айында National Information Society Agency атты корей қоғамының Korea Internet Volunteers еріктілері Хюн Дэ Вон мен Чо Хенг Сок Қазақстанға арнайы келіп, корей бөлімінің мұғалімдері мен студенттеріне IT семинарлар өткізді. Соныменбірге IT мамандарына ақпараттық қолдау көрсетіп, оргтехника құралдарымен қамтамасыз етті.

Осы еріктілер өткізген жұмыстың нәтижесінде корейтану кафедрасының сайты құрылған болатын. Бүгінгі таңда аталған сайт толықтай өңдеу жұмытарынан өтіп, өз қызметін http://Korea.kaznu.kz. ұяшығында жалғатырып жатыр.

Сіз бұл сайтқа тіркелу арқылы кафедраның белсенді өмірімен танысу мүмкіндігіне ие боласыз. Сайтта кафедра тарихы жөнінде мағлұматтар орналасқан. Сонымен бірге, корейтану кафедрасының ғылыми-әдістемелік жұмыстары мен шетел қызметі жайлы да ақпараттар таба аласыз. Сайтта орын алған соңғы 15 жылдағы жаңалықтар бұл жобаның маңызды оқиғалар хронологиясы болып табылады. Ол жаңалықтар негізінен кафедра білімі, кафедра кадрларының қабілеті, ғылыми-методикалық жұмысы, кафедраның материалды-техникалық жабдықталуы, кафедрадағы ғылыми- зерттеу жұмыстары мен халықаралық ынтымақтастық, кафедраның студенттік және қоғамдық өмірі сияқты бөлімдерді қамтиды. Сайттың қатысушылары чатта өзара сөйлесіп, кәріс мекемелерімен және әл-Фараби атындағы КазҰУ университет-серіктерімен тікелей байланысқа шыға алады.