ҚАЗҰУ – ДЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ INSPIRE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАНЫҢ СЕРТИФИКАТТАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

11.05.2010

Көрулер: 3031

2010 жылдың 30 сәуірі күні Британдық кеңесте Қазақстанның жас ғалымдары үшін INSPIRE халықаралық жобаның аясында білім жетілдіру семинары өтті. Бұл семинарға Қазақстанның 11 қаласынан 25 жас ғалымдар шақырылды. Сонымен қатар семинар жұмысында Британдық кеңестің проектік эксперттері, Қазақстан Республикасының бірінші Президент қоры, Ұлттық ғылыми – техникалық мәліметтер орталығы қатысты.

Семинардың мақсаты: ғылыми – зерттеу жұмыстарын Ұлыбританиялық қорлардан қаржыландыру үшін халықаралық гранттық бағдарламаларға ұсыныс беру процессімен жас ғалымдарды таныстыру, сонымен қатар халықаралық ғылыми – зерттеу конференцияларына қатысу процесімен де таныстыру.

Семинардың нәтижесі және ғылыми зерттеу жұмысының ұсынысы бойынша ҚазҰУ – дың алты жас ғалымы INSPIRE сертификатымен марапатталды, бұл сертификат Лондонда өтетін жаһандық оқу семинарына қатысуға құқылы, ол жерде бүкіл дүние жүзінен келген басқа қатысушылармен таныстырылады.

Естеріңізге сала кетсек INSPIRE халықаралық грант проектісінің иегері, Ноттингем университетімен тұрақты байланысы бар, география факультеті болып табылады. Жоба аясында факультеттің профессорлық – оқытушы құрамы Ноттингем университетіне біліктіліктерін жетілдіруге барды. Ноттингем университетімен байланыстың басты бағыты болып климаттың өзгеру саласындағы ғылыми – білім беру жобасын бірге жетілдіріу, сонымен қатар PhD доктарлардың бағдарламасын «Environmental change» бағыты бойынша Ноттингем университеті және халықаралық «Болашак» бағдарламасымен бірлесе жасау. Жоба аясында география факультетінің ғалымдары Ноттингем университетіне қысқа мерзімге, келісілген жобаның бөлінетін квотасы бойынша, біліктіліктерін жетілдіруге баруға болады.