Парсы тілі мен әдебиетінің Республикалық олимпиадасы

08.05.2010

Көрулер: 2867

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының елшілігі жанындағы Мәдени өкілеттіктің ұйымдастыруымен парсы тілінің республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстандағы парсы тілін оқытатын жоғары оқу ордалары - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҰПУ, Абылайхан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті, Қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласының Әскери университетінің курсанттары мен студенттері қатысты.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша жүлделі 1-орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы жеңіп алды. Олимпиаданың жүлделі 1-орнын жеңіп алғандар: 1-2 курс студенттері арасында Әділет Қоңырбайтегі, 3-4 курс студенттері арасында Балзия Бейсенғалиқызы, ал екінші орынды Роза Шупанова иемденді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі