ҚазҰУ дайындық факультетінің құрылғанына 25 жыл!

08.05.2010

Көрулер: 2816

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің құрылғанына 25 жыл толуына байланысты «Жер – біздің ортақ шаңырағымыз» атты ХХV студенттік-ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық отырысында Пәкістан, Оңтүстік Корея, Испания, ҚХР, Франциядан келген 9 студент баяндама оқыды. Сондай-ақ, стендік тақташаларда көрсетілген шетелдік 34 студенттің баяндамалары талқыланды, ғылыми жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде дайындалды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі