ҚазҰУ-дың құрама командасы Ұлттық студенттік SIFE-Қазақстан бизнес-жобасы чемпионатында табысқа қол жеткізді

28.04.2010

Көрулер: 3052

28 сәуірде Алматы қаласында «SIFE» халықаралық студенттік ұйымының Ұлттық чемпионаты өткізілді (Students In Free Enterprise). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрама командасында экономика және бизнес, механика және математика және халықаралық қатынастар факультеттерінің 25 студенті бар. Команда капитаны экономика және бизнес факультетінің студенті Құрманғалиев Рауан.

Ұлттық чемпионатта ҚазҰУ-Дың құрама командасы 8 жоба ұсынды, студенттер жобамен бір жыл жұмыс істеді. ҚазҰУ-дың оқу озаттарынан құралған (команда мүшелерінің барлығы да оқу озаттары) SIFE командасы оқудан тыс уақыттарында чемпионатқа дайындалып, жобаларын әзірледі. Студенттер туристік агенттіктер ашты, бірнеше кәсіпкердің өркендеп, дамуына ықпал етіп, оларға теориялық және практикалық көмек көрсетті, жаңа Интернет-сайт ашты, HSBC грантын жеңіп алды. Ал ең бастысы – команда мүшелері бірнеше әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды; балалар үйінде ағылшын тілі курстарын және Алматы қаласының Алатау ауданының жоғары сынып оқушыларына арналған экономикалық теорияның негіздері бойынша курстар өткізді. Ал ең басты жетістік – көптеген мектеп оқушылары экономика теориясы бойынша алған білімдерін ары қарай жалғастыру туралы ойларын білдірді, ағылшын тілі курсы да балалар үйінің тәрбиеленушілерінің тілді меңгеруге деген ынтасын арттырды.

Біздің жас кәсіпкерлеріміздің барлық еңбектерін ұлттық чемпионаттың қазылар алқасы жоғары бағалап, ҚазҰУ-Sife командасы SIFE – 2010 ең үздік команда ретінде танылды. Бүгінгі таңда ҚазҰУ командасының 10 жылдың ішінде тұңғыш рет университеттің беделін арттырып, біздің университетіміздегі SIFE-тың тамаша дәстүрлерін қайта жаңғыртты.