ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасы Ресеймен кітапханаралық байланысты нығайтпақшы

30.04.2010

Көрулер: 3711

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы аймақтық кітапхана Ассоциациясымен (АРБИКОН, Ресей) бірлесе отырып «Ресейдің коорпоративтік кітапханалық жоба» атты семинарын өткізді.

Семинар қатысушыларына ірі корпоративтік кітапхана Ресей жобасының АРБИКОН жүзеге асырған кітапхана ресурстарының басқармасы кітапхана бірлестігінің консорциумының бірлесуімен сервистердің модернизациялау арқылы тәжірибе сапасын көтеру жұмыстарымен таныстырды. Аталмыш жиын тәжірибе алмасуға және кәсіби біліктілікті арттыруға, халықаралық тәжірибеде кітапхана жүйесінің ақпараттық алмасуына жол ашты.

ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының директоры Балғаным Мансұрова ресейлік әріптестеріне семинарға қатысқандары үшін ризашылығын білдіріп, осы семинардың бүкіл Қазақстан кітапханалары үшін маңызы зор екендігін атап өтті.

Электрондық ресурстар бөлімінің жетекшісі Елена Еронина ЗАО «КОНЭК» (Ресей) агенттігіне жазылған ғылым, мәдениет, экономика саласының оқулықтарын ұсынды. КОНЭК өкілі екі жақты серіктестіктің басты мақсаты тұтынушыларды ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етіп, әлемдік жетекші баспалар мен компаниялардың шетелдік ақпараттарына жедел әрі сапалы түрде ендіру мүмкіндігін атап өтті. Сонымен қатар, әлемнің ірі баспасы Emerald және ProQuest серіктестігі ғылыми және арнайы әдебиеттерге, бизнес саласында, менеджмент, кітапханалық және техникалық, жаратылыстану ғылымдарының толық мәтінді және реферативті дерек қорына қол жеткізу мүмкіндігінің бар екендігіне тоқталды.

Семинарда АРБИКОН-ның (Санкт-Петербург қ.) атқарушы директорыАлександр Племнек баяндама жасады. Онда корпоративті қырынан қарағанда АРБИКОН кітапханаларының ақпараттық жүйе қағидалары қарастырылып, халықаралық және ұлттық стандарттарға жауап беретіндігі, АБИС-ке тәуелсіз екендігі баяндалды.

- Рессей кітапханасының мерзімді құрама каталогы – бұл аймақтық ведомоства аралық бірлесіп жұмыс істеудің табысты нәтижесі, - дейді АРБИКОН өкілі. – Жобаның стратегиялық міндеті болып қазіргі заманғы технологиялық базада бірегей ақпараттық ресурстарды қолданудың тиімділігін жоғарылату, журнал қорларымен алмасу, кітапхана әрекеттестігінің белсенділігін арттыру, аз таралымдағы және аймақтық мерзімді басылымдарға қол жеткізу,РФ кітапханаларының журнал қорларын өңдеу кезінде жұмыстарды қайталамай(50-ден-90 %-ға дейін) қысқарту, бірінші жағдайда маңызды болып табылады.

А.И. Племник әрбір кітапхана АРБИКОН жобасына қатысып, іс жүзінде қолдана алады. Сонымен қатар қатысушылар немесе қолданушылар, жоба сервисіне жазылу мүмкіндігіне ие бола алатындығын айтты. Жобаға қатысатын кітапхана болса жобаның сервисімен және ресурстарымен тегін қолдана алады, алайда кітапхана өз ресурстарын жасауға және жобаның сервисін беруге міндетті болады.

АРБИКОН «МАРС» жобасының жетекшісі Крутихин Игорь Валерьевич (Саратов қ.) іске асатын уақыттың тәртібін АРБИКОН сервисінің порталына http://www.arbikon.ru: еркін кіруге болатындығын атап көрсетті.

Барлық баяндамалар мен презентациялар кітапхана мамандарының үлкен қызығушылығын тудырып, жоба өкілдеріне ұнамды пікірлер айтып, сұрақтар қойды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы «Қазақстан кітапханасының еркін мерзімді каталогын» құруды және АРБИКОН Ресей жобасының қатысушысы болуды ұсынды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі