«Әл-Фараби» олимпиадасының жеңімпаздары ҚазҰУ студенттері атанды

26.04.2010

Көрулер: 3641

Олимпиаданың 42 жүлдегері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері атанатын болды. ҚазҰУ-да өткен «әл-Фараби» олимпиадасының қортындысы осылай деп шешілді.

Салтанатты жабылу рәсімінде ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов болашақ студенттер мен қатысушыларды алғы сөзбен қарсы алды.

- «Торғай таулары» ломоносов олимпиадасында жеңіп шыққандар ММУ-ға оқуға түсуге мүмкіндіктері болатын. Қазақстандық оқушылар ресейлік жастардың осы бір мүмкіндігіне қызыға қарайтын. Сондықтан біз Қазақстанда «әл-Фараби» олимпиадасын өткізуді ұйғардық. Биылғы «әл-Фараби» олимпиадасы жаңа статус - халықаралыққа ие болды. Бүгін республиканың түкпір-түкпірінен келген оқушылардың үміті ақталып, енді олар өзін ҚазҰУ студенттерінің санатына жатқыза алады, - деді жоо басшысы.

Былтыр Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен мемлекеттің жетекші университеті олимпиаданың нәтижелеріне сүйене отырып үздік оқушыларды студенттер санатына жинаған болатын. «Әл-Фараби» олимпиадасы екінші мәрте ұйымдастырылып келгеніне қарамастан оқушылар арасында ауқымды, әрі маңызды орын алған.

«Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың директоры Тілдаш Битуова:

- Былтыр ҚазҰУ ректоры «әл-Фараби» олимпиадасын ұйымдастыруды ұсынды. Биыл олимпиада республикалық дәрежеге ие болғандығын айта кеткім келіп отыр. Бұл жоғары оқу ордасы басшылығының жетістігі деп білемін. ҚазҰУ шаңырағында білім алғысы келетін оқушылар енді армандарын жүзеге асыра алады, - деді өз сөзінде.

Байқаудың іріктеуінен өткен үздік оқушылар Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің дипломдарымен марапатталды.

Олимпиадада «Қазақстан тарихы» пәнінен үздік көрсеткіштерге ие болған Тараз қаласының тұрғыны Нұрат Десебаев ҚазҰУ шаңырағына оқуға түсу үлкен жетістік деп санайды. Болашағымның жарқын болатынына кәміл сенемін деді жеңімпаз.

Алматы қаласының №24 лицейінде оқитын Құрмет Өкен физика пәні бойынша жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды. «Физика пәнін таңдауыма себеп болған жайт - мемлекеттің болашағы үшін жаңа технологиялар саласында білікті мамандардың қажеттілігі еді. Елбасымыз мемлекеттің дамуы үшін интеллектуалды серпін керектгін үнемі айтып отырады. ҚазҰУ әлемдік деңгейде сапалы білім беріп, білікті маман болып шығуыма өз септігін тигізетіндігіне сенемін», - дейді жас жеңімпаз.

«Әл-Фараби» олимпиадасының таралу аймағы жылдан-жылға үдейіп барады. Биылғы сынақ тұңыш рет 14 пән бойынша өтті. Оған республика бойынша 12 мың оқушы қатысты, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе артық.

Олимпиада ҚР Білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқарамасының қолдауымен өтті. Екі ай бойы облыс бойынша комиссиялық сапармен аттанған ҚазҰУ-дың үздік оқытушылары Қазақстанның орталық облыстарында, Алматы және Астана қалаларында болып қайтты. Олимпиадаға барлығы 900 мектептің оқушылары қатысты.

Биыл ұйымдастыру комитеті олимпиада қатысушыларының жоғары көрсеткіштерге ие болғандығын мәлімдеді. 42 оқушы жүлделі орынды жеңіп алды, 2800 оқушы 70-тен жоғары балл жинады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі