ЫҚШАМ – АҚПАР

20.04.2010

Көрулер: 3234

2010 жылдың 21 сәуірі сағ. 11.00 – 13.00. VIII Халықаралық Еуразия Медиа Форумының қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚазҰУ-дың студенттік медиа форумы» атты жаңа медиа жобаның тұсауы кесіледі.

Аталмыш шараны университеттің Жастар комитетінің ұйымы, студенттік Сенат, студенттік баспасөз қызметі шығармашылық және азаматтық борышын өтеу мақсатында ұйымдастырып отыр. Студенттік баспасөз орталығы өз қызметін төрт бағытта: радиожурналистика, телебағдарламалар, баспасөз және телестудия арқылы жүзеге асыратын болады.

Форум университет студенттері мен БАҚ эксперттерін коммуникациялық жүйе арқылы байланысытыратын болады. Сонымен қатар баспасөз саласының зерттеушілерімен ашық әрі тиімді қарым-қатынас орнатуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Форумның мақсаты – студенттік баспасөздің жалпы студенттік журналистиканың болашақ дамуы туралы ойлар мен пікір алмасулар, журналистерді дайындау тәжірибесін талқылау, студенттік баспасөз орталығының мүшелері мен отандық журналистиканың және PR-дың кәсіби білікті мамандарымен байланысын дамыту, студенттік баспасөз орталығы қызметінің жаңа басымдықты бағыттарын айқындау болып табылады.

Форум аясында ұйымдастырылатын шаралар:

  • пленарлық мәжіліс;
  • тақырыптық шеберлік дәрістері:
  1. «Баспасөз конференциясын өткізудің оңтайлы жолдары» - Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасының Президенті - Светлана Савченко;
  2. «Қазақстанның Медиамәдениеті және ақпараттық қауіпсіздік» - Еуразиялық медиа-форумның Бас продюсері – Владимир Рерих;
  3. «Отандық БАҚ-тың ұлттық сипаты» - КТК телеарнасының редакторы – Оразалы Баймұрат;
  4. «Сұхбат алудың тиімді әдістері» - «Шалқар» радиосының директоры - Болатбек Тілепберген дәрістерін өткізеді.

Сағ. 12.00-де «БАҚ-тағы студенттердің ролі: медиамәдениеттегі инновациялық үрдістің көшбасшылық тәжірибесі және болашағы» атты дөңгелек үстел өтеді.

І студенттік медиа-форумның жұмысына Қазақстанның беделді журналистері мен қоғам қайраткерлері қатысады. Солардың ішінде: «Хабар» телеарнасының жүргізушісі – Ринат Кертаев, University of North Carolina at Chapel Hill профессоры – Халл Фостер, «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары – Дархан Бейсенбек, КТК телеарнасының директоры – Артур Платонов, «Хабар» телеарнасының спорт коментаторы - Амангелді Сейітхан, «Түркістан» газетінің тілшісі – Есенгүл Кәпқызы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізушісі - Назира Бердалы, «Экономика» газетінің бөлім редакторы - Арман Әубәкір интернет сайттың PR-менеджері – Асхат Еркінбай бар.

Мекен-жайымыз: Алматы қ, әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті (230 аудитория).

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі (727) 377 35 20