ҚазҰУ-да Донор күні өтіп жатыр

15.04.2010

Көрулер: 3028

2010 жылдың 14-16 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Мемлекеттік қан орталығы және Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бірлесуімен «Донор күні» өткізілді.

Статистика бойынша еліміздегі ауыр науқастарға күн сайын 100 литрдай қан қажет. Азаматтарымыздың түсінушілігі мен көрсетіп жатқан көмектеріне қарамастан қаншама науқастардың өміріне қажетті қан жетпей жатады. Донор өткізген әр тамшы қан бір адамның өмірін құтқарып қалуы мүмкін емес пе.

Үш күн бойы ҚазҰУ-дың Студенттер сенатында (экономика және бизнес факультетінің 3-қабатында) студенттер өз еріктерімен қан тапсыра алады. Салауатты өмір салтын әрдайым ұстанатын ҚазҰУ студенттері әрқашан әлеуметтік акцияларға белсене атсалысып келеді. Студенттердің өз еркімен донор болуы аталмыш акцияның маңыздылығын түсініп, барынша қол ұшын беруге ықпал еткен мейірімділігінің дәлелі.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі