Қазақстан ЖОО халықаралық білім беру кеңістігінде алға жылжыту талқыланды

10.02.2017

Көрулер: 3653

ҚазҰУ-да Қазақстан ЖОО халықаралық білім беру кеңістігінде алға жылжыту мәселелеріне арналған семинар өтті.

Іс-шара Қазақстанның жоғары мектебінің ұлттық академиясының вице-президенті Досым Сүлеевтің қатысуымен өткізіліп отыр. Оның қатысушылары білім саласындағы соңғы әлемдік трендтерді, Қазақстан ЖОО рейтингілерін және олардың халықаралық білім беру кеңістігіндегі танымалдығын талқылады. Сондай-ақ сарапшылар техникалық мамандықтар мен ғылыми жаратылыстанудағы білім беру сапасына кепілдік беру жүйесіндегі аккредитациялау мәселелерін қарастырды.