Біз сіздермен біргеміз!

18.03.2010

Көрулер: 3391

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Алматы облысында болған табиғи апатқа алғашқылардың бірі болып үн қатты. ЖОО-ның 20 мың студенті Қызылағаш елді мекенінде орын алған қайғылы оқиғаға бүкіл Қазақстан халқы өз көңілін білдіріп, Елбасымыздың бастамасымен зұламат алапат құрбандарына қолдарынан келгенше көмек көрсетуге әзір екендігін мәлімдеді.

Қайғылы оқиға орын алғанын ести сала ҚазҰУ студенттерінің басын біріктіретін Студентер сенаты университетте арнайы штаб құрып, жәрдем беру орталығына айналды.

Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетінде орналасқан штабтың университеттегі өкілдігіне киім-кешек, дірі-дәрмектер, азық-түлік әкеліп, әлі студент болса да адамгершілік сезімі мол, жақынына жәрдемдесуге дайын мейірімді азамат екендіктерін дәлелдеп отыр. ҚазҰУ қызметкерлері мен студенттері де Қызылағаш тұрғындарына көмек көрсетуді өздерінің адамдық борышы деп есептейді. Студенттер көмек көрсетуге 2,5 млн. теңге қаржы бөлді. Қазақ ұлттық университеті қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын аударуға келісті. Көмек көрсетуге жиналып жатқан заттарға бірнеше күн болды. Алғашқы көмек автобуспен жіберілген болатын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымының ортақ шешімімен 15 млн. теңге (қызметкерлердің бір күндік жалақысын) Алматы облысы Қызылағаш ауылының Ақсу ауданында табиғи апат саладарынан жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге жіберілді. «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ҚазҰУ-да білім алып жатқан Қызыл-Ағаш студенттеріне қолдау көрсету мақсатында 10 мың теңге көлемінде қаржы бөлген болатын.

Сондай-ақ, ҚазҰУ-дың Студенттер құрылыс жасағының 150 ерікті студенттері ауыл тұрғындарының баспаналарын тұрғызуға көмек көрсететенідігін айтты.

ҚазҰУ-дың Студенттер сенаты