ҚазҰУ-да дәрілік өсімдіктерден биопрепарат дайындайтын өндіріс ашылды
12.09.2022Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы» базасында өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнім әзірлейтін шағын өндірістің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері мен білім ордасының ғалымдары қатысты.






