әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Казахстанская правда» республикалық газетінің күндері» өтеді
11.11.200812 қарашада сағ.9.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Казахстанская правда» газетінің күндері» атты фестивалінің ашылу салтанаты өтеді.
Аталмыш фестиваль алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Маңызды оқиғаға деген дайындық жұмыстары «Казахстанская правда» газетінің белсенді журналистерінің мастер-кластарын өткізуімен басталды. Университетте қазан айының соңында газеттің жаңа келбеті, жұмыстың дәстүрлі әдістері мен пішіндеріне арналған студенттердің ғылыми конференциясы өтті. Журналистика факультетінде «Казахстанская правда» газетінің баяндамалары, тарихи-тақырыптық көрмелері дайындалды. Фестивальдың мақсаты - тәжірибедегі және оқып жүрген журналистердің байланысын нығайту.






