Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Заң клиникасы ашылды

17.04.2009

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің Заң клиникасы қызмет көрсете бастады. Студенттер сенатының бұл жобасы Елбасы Жолдауындағы әлеуметтік бағыттардағы міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында құрылып отыр.

Ары қарай оқу >>

1 сәуір күні – КТК-да!

17.04.2009

Халықаралық күлкі күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттің 75 жылдығына арналған Жалпыуниверситеттік КТК байқауы өтті. КТК байқауына университет факультеттері мен колледждің ең үздік командалары қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың 75 Студенттік көктемі

17.04.2009

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қарашаңырақтың мерейтойына арналған «75 Студенттік көктем» көркемөнерпаздар байқауы үлкен мерекелік гала-концертпен тәмамдалды. Барлық кезеңдерде студенттердің дәстүрлі де сүйікті байқауына айналған «Студенттік көктем» - ҚазҰУ студенттерінің де ең әсерлі, көңілді және ұмтылмас мерекелерінің бірі. Мерейтойлық жылда ҚазҰУ соңғы жылдары ұмыт қалған фестивальді қайта жаңғыртты.

«Студенттік көктем» фестивалі - университеттің барлық факультеттері мен колледж студенттері қатысатын кең ауқымды шығармашылық жоба. Фестиваль еліміздің студент-жастарының рухани және мәдени жетістіктерін көпшілікке әйгілеп, студенттер арасында дарындарды тауып, жан-жақты тұлға мәртебесін көтеру және студенттерді еліміз бен жоғары оқу орнының қоғамдық-мәдени өміріне тарту мақсаттарын көздейді.

Ары қарай оқу >>

«Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясы

16.04.2009

6 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті археология және этнология кафедрасында «Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті. Аталмыш шара ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ қарашаңырағында Ұлыбритания ғалымдары қонақта болды

15.04.2009

- Қазіргі тұрмыста дағдарыс сезілгенмен, университеттерге тиімділігі әлдеқайда көбірек тиіп жатыр, - дейді Ньюкасл университетінің (Ұлыбритания) ғалымдары. Ұлыбританияда көп адамдар жұмыстарын тастап, университеттерде білім алуға талпынып жатыр. Бүгінгі күннің өзекті саласы информатика болғандықтан ғалымдар осы сала бойынша ғылыми байланыстарын орнатып келеді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби: Философия. Мәдениет. Дін

15.04.2009

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби: Философия. Мәдениет. Дін» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара университеттің 75 жылдығына арналып, Алматы қаласының әкімдігі, «Қазақстан» ҰТРК қолдауымен жүзеге асты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың заңгерлер командасы – еліміздің үздігі

15.04.2009

2009 жылдың 26-27 наурыз аралығында Алматыда «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының демеушілігімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған Республикалық құқықтық олимпиада өтті. Олимпиаданы өткізудегі басты мақсат - болашақта заң саласын ғылыми тұрғыда жаңа белестерге көтере алатын дарынды студенттерді анықтап, марапаттау.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 30.03.2009 – 05.04.2009

10.04.2009

  • «75-ші Студенттік көктем» фестивалі.
  • «әл-Фараби: Философия. Мәдениет. Дін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция (философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен).
  • Жастар комитетінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған студенттер конференциясы.
  • Республикалық жас тілшілер форумы.
  • Химик-ғалымдардың «Өмір жолы» атты жаңа жобасы.
  • ҚазҰУ-дың 75-жылдығына арналған КТК (КВН) байқауы.
  • ҚазҰУ және Жапонияның жетекші ЖОО Васэда университеті қарым-қатынастарын нығайту мақсатында арнайы меморандумға қол қойды.
  • ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті мен «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бірлесіп ұйымдастырған «дөңгелек үстел» мәжілісі.
  • ҚазҰУ студенттерінің «Азамат» Жастар Парламенті» атты телевизиялық жобаға қатысуы.
  • ҚазҰУ-ға Ұлыбританияның Ньюкасла университеті қонақтап келді.
  • Қазақстан - Польша: «Еуропаға жетудің бірден-бір жолы - білім және ғылым саласы».
  • Шолулар:Қазақстанда поляк университеттерінің күндері өтеді. «Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. ҚазҰУ-дың құқықтық клиникасы ашылады.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы имидждік жарияланымдар.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 23.03.2009 – 28.03.2009

10.04.2009

  • Жастар комитетінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған студенттер конференциясы.
  • ҚазҰУ ғалымдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде.
  • Спорт шебері Темірхан Досмұхамбетовтың жүлдесіне арналған дзюдо бойынша І Халықаралық турнир.
  • ҚазҰУ-дың Республикалық құқықтық олимпиадасы.
  • ҚазҰУ-да «Суперстудент - 2009» интеллектуалды байқауы.
  • Оқушылар арасындағы ҚазҰУ-дың облыстық пәндік олимпиадалар.
  • «75-ші Студенттік көктем» фестивалі.
  • Тақырып жалғасы: «әл-Фараби: Философия. Мәдениет. Дін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция (философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен).
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан және Жапония университеттері арасындағы әріптестік жайлы алғаш меморандумға қол қойылды

09.04.2009

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жапонияның жетекші жоғары оқу орны - Васэда (Waseda University) университетімен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Ары қарай оқу >>