Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Журналистика академиясының Орталық кеңсесі ашылды
28.04.200914 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Журналистика академиясы Орталық кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
14 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Журналистика академиясы Орталық кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
11 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 75 жылдық мерейтойға арналған «Жаһандану жағдайындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
5-8 сәуір аралығында Алматы және Астана қалаларында «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарлама аясында Польшадағы Қазақстан Елшілігі мен «Perspektywy» Білім беру қорының ұйымдастыруымен «Поляк университетінің күндері» өтті. Алматыдағы «Поляк университетінің күндері» еліміздің жетекші жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері нашақорлық мәселесіне немқұрайлы қарамай, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығы арқылы пайда тауып жүрген адамдармен күрес жүргізуге шақырады. Есірткіні жою шарасы «Жаһандану жағдайындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті. ҚазҰУ-дың заң факультеті Алматы қаласының ІІД-мен бірлесе отырып осы акцияға бастама болды.
2009 ж. 13 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Германия Федеративтік Республикасы Христиандық Демократиялық/Христиандық Социалистік Одақ парламенттік фракциясының жетекшісі Манфред Грунд іс-сапармен келді. Сапар барысында ол университет ректоры академик Б.Т. Жұмагұловпен кездесті.
8 сәуір күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов пен Алматының мектеп директорлары, үздік мұғалімдері арасында кездесу өтті. Басқосуға 1500-нан астам мектеп өкілдері, қалалық Білім беру департаментінің қызметкерлері қатысты.
7 сәуірде журналистика факультетінде телевизия саласындағы мамандардың басын қосқан «Сандық телеарна қалыптасу кезеңіндегі ақпараттық құқық» атты дөңгелек үстел өтті. Пікірталасқа қатысуға Интерньюс агенттігінің атқарушы директоры Маржан Елшібаева мен басқа өкілдері, «Зауалдағы журналист» қорының президенті Розлана Таукина, Қазақстанның Ұлттық телерадиохабартаратушылар Ассоциациясының директоры Шолпан Жақсыбаева және т.б. журналистика майталмандары шақырылды.
Танымал журналист, заңгер, БАҚ саласындағы заңнама сарапшысы, «Заңнама және масс-медиа тәжірибесі» айлық журналының (Мәскеу) редакторы, Халықаралық заңгерлер комиссиясының мүшесі (ICJ, Женева), Халықаралық бұқаралық байланыс зерттеушілерінің ассоциациясы мүшесі Андрей Рихтер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде студенттер, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқу мақсатында Алматыға келді.