Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері – KPMG номинацияларының жеңімпаздары

27.01.2011

Осы жылы Салық байқауы үшінші рет өтті. Байқауға 3-4 курс студенттері және салық, экономика, қаржы, құқық салаларында еңбек ететін жас мамандар шақырылды.

KPMG компанияның жетекші мамандарынан тұратын байқаудың әділқазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады. Байқаудың нәтижесі бойынша финалға салық саласында жақсы білім көрсеткен 20 қатысушы шықты. Әділқазы төрағасы Жанат Бердалина үздік жұмыстарды белгілеп, жеке номинациялардың жеңімпаздарын анықтады. «Most creative approach to problem solution» номинациясынмен экономика және бизнес жоғары мектебінің студентті Нұргүл Тагайбекова, ал «The best team» номинациясымен халықаралық қатынастар факультетінің студенті Кристина Исакова марапатталды. Номинация жеңімпаздары іріктеу кезеңінен өтпестен бірден, ақы төленетін тәжірибеге қабылданды.

Ары қарай оқу >>

ҚСЗИ ғылыми қызметкері Герман Ким студенттермен бас қосты

26.01.2011

25 ақпанда ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті корейтану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Ким Герман Николайұлының жетекшілігімен "Жаңа Корей соғысы болуы мүмкін бе?" атты дәрісі өтті.

Ары қарай оқу >>

Гавр университетімен қарым-қатынасымыз жемісті болмақ

25.01.2011

Биылғы жылдың қаңтарында ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің бір топ профессорлары мен оқытушылары Франциядағы Гавр университетіне іс-сапармен барып келді. Оларды халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының профессоры Құралай Байзақова бастап барған болатын.

Ары қарай оқу >>

Ақылы негізде оқитын студенттерге жеңілдіктер жасалады

25.01.2011

Ақылы негізде ілім алып жүрген 2-4 курс студенттері оқу үлгерімі жоғары болған жағдайдажеңілдікке ие болады. Бқл жөніндеҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Мұрат Орынханов мәлім етті. Оның негізгі шарты – оқуда озатты, әрі GРА көрсеткіші 3,67-4,0 баллдан кем болмауы тиіс.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да екі оқу орталығы құрылатын болады

24.01.2011

Ректорат мәжілісінің күн тәртібінде ҚазҰУ-да оқып жүрген студенттердің контингентін құру және түлектерді жұмыспен қамтамасыздандыру мәселелері қарастырылды. Аталмыш тақырыпта Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Гүлнар Балақаева баяндама жасаған болатын.

Ары қарай оқу >>

Француздармен бірлесе отырып ғылыми жобаларды жүзеге асыратын боламыз

21.01.2011

Жуырда ҚазҰУ-ға Францияның өкілдері келіп қайтқан болатын. Франция сенаторы Эмери Де Монтескью бастап келген бір топ өкілдердің құрамында жалпы технополис жобалары жөніндегі үйлестіруші, сенатордың кеңесшісі Эрве Лэне, жоғары білім беру саласы жөніндегі кеңесшісі Робер Просперини, үздіксіз білім беру жөніндегі Еуропалық орталықтың президенті Франсуа Ваше, Қазақстандағы Франция елшілігінің мәдениет және қарым-қатынас жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Йоан Шиттерер, университет аралық қарым-қатынасты орнату жөніндегі атташесі Ноэми Ларуй, ауылшаруашылық өнімдер жөніндегі атташесі Жәнібек Өтегенов бар. Қонақтарды ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев қарсы алды.

Ары қарай оқу >>

Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздарына ҚазҰУ-дың оқу гранты берілді

20.01.2011

Мектептің дарынды оқушыларын анықтау және зерек жастарды қолдау келер ұрпақтың білімге деген қызығушылығын дамыту болып табылады. Осы мақсатпен VII халықаралық Жәутіков олимпиадасы барысында механика-математика, физика факультетінің декандары мен профессорлары олимпиадаға қатысқан оқушылар арасында кәсіби бағдарланған тест өткізді.

Ары қарай оқу >>

Педагогика мәселелері талқыланады

19.01.2011

8 ақпан күні философия және саясаттану факультетінде «Классикалық және зерттеу университеттеріндегі педагогика: қазіргі жaй-күйі, тенденциялары мен даму болашағы» атты дөңгелек үстел өтеді. Бұл шара жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 70 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың биотехнология саласын дамыту жолдары талқыланды

17.01.2011

Кезекті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңРекторат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Оның ішінде Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының жұмыс туралы баяндаманы институт директоры Амангелді Бисенбаев жасап, ой бөлісуде ҚазҰУ-ды Ұлттық зерттеу университетіне айналдыру барысындағы ҒЗИ жұмыстарының бағыттары кеңінен қарастырылды.

Ары қарай оқу >>