«Сыр-Арал этнографиясы» кітабының тұсаукесері өтті
19.01.2023Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің профессоры, этнограф-ғалым Тәттігүл Қартаеваның «Сыр-Арал этнографиясы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Ұлттық кітапханада өткен таныстырылымға белгілі тарихшы ғалымдар, ақын-жазушылар, мұражай қызметкерлері мен жастар қатысты.






