Жаңалықтар

ҚазҰУ-да медициналық туризм саласындағы МВА, ЕМВА, DBA жаңа бірегей бағдарламасы әзірленді

17.02.2023

ҚазҰУ мен «Қазақстандық медициналық туризм қауымдастығы» арасында медициналық туризм саласындағы МВА, ЕМВА, DBA бағдарламалары бойынша қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ары қарай оқу >>

Үздіксіз білім беру жүйесін дамыту бағыттары талқыланды

17.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Шәркүл Таубаеваның 75 жылдық мерейтойына орай, «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогтардың зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға белгілі ғалымдар, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ ОҚУ ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ

17.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері білімі мен шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, ғылыми жобаларды батыл қолға алуда. Солардың бірі – механика-математика факультетінің 4-курс студенті Роза Байшапанованың стартап командасы. Олар репетиторлар мен оқушыларды интернет арқылы бір алаңға жинап, оқытуды ұйымдастыруға көмектесетін OQU-платформасын ойлап тапты.

Ары қарай оқу >>

Жапония студенттері ҚазҰУ-мен жақын танысты

16.02.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономикасы және мәдениеті» атты қысқы мектебінде орыс тілін үйреніп жатқан жапониялық студенттермен университет басшылығы кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде

16.02.2023

ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде. Кітапхана қорын толықтырып, жастардың рухани танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шараға келушілер ғылыми еңбек, оқу құралы, көркем әдебиет, қолжазба және басқа да құнды басылымдарды сыйға тарта алады.

Ары қарай оқу >>

Дубайда Жібек жолы желісі университеттерімен келісім жасалды

16.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жібек жолы университеттері желісінің 8-ші Бас Ассамблеясы  барысында Орталық Азияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры Дубайдағы SUN Директорлар кеңесі отырысына қатысуда

15.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев 8-ші Бас Ассамблея және Жібек жолы университеттері желісі (Silk Road Universities Network) Директорлар кеңесінің отырысына қатысуда. Ауқымды шара Дубай қаласындағы Канада университеті базасында ұйымдастырылды.


Ары қарай оқу >>