ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ҚазҰУ құрылысының II кезеңімен танысты
08.04.2023Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновке ҚазҰУ қалашығы құрылысының ΙI даму кезеңі жайлы мәлімет беріп, жатақхана, оқу корпустары мен қызметтік тұрғын үйлер жобаларымен таныстырды.






