Жаңалықтар

Жансейіт Түймебаев: Ғылым – үздіксіз дамитын процесс

11.04.2023

12 сәуір – ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Даталы күнге орай 90 жылдық тарихы бар еліміздегі ең іргелі оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Жансейіт Түймебаевпен сұхбатымыз аталған оқу орнындағы ғылыми ахуал төңірегінде болмақ.

Ары қарай оқу >>

Әсима КӨШІМ, география ғылымының докторы, профессор: Табиғи-техногенді қауіп-қатерді шешу – ғалымдар еншісінде

11.04.2023

Заманауи жаһандану кезеңінде ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты «ғылым қоғамды жарқын болашаққа жетелейді» деп есептейтін технооптимистік және «ғылым адамдарды техниканың құлына айналдыратын қасірет» деп санайтын технопессимистік бағыттағы көзқарас қалыптасып отыр.

Ары қарай оқу >>

Қазаққа теориялық физиканың есігін ашқан ғалым

11.04.2023

Еліміздің ғылымы мен жоғары білімі саласында үлкен із қалдырған, қазақтан бірінші болып теориялық физиканың есігін ашып, төріне шыққан көрнекті ғалым, біліктілігі мен қоғам алдындағы азаматтығы тең тұлға Мейірхан Әбділдин биыл 85 жасқа толар еді. Саналы ғұмырында артында өшпес мол мұра қалдырған, шәкірт тәрбиелеп, соның ішінде Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясы бойынша ғылыми-зерттеу мектебін мұра етіп қалдырған өнегелі ұстаз Мейірхан Мүбаракұлы қазақ ғылымындағы шоқтығы биік ғалымдардың бірі.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да жас ғалымдар көрмесі өтті

11.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар көрмесі өтті. Онда факультет білім алушыларының табысты ғылыми әзірлемелері мен студенттік стартаптар таныстырылды.  

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да жас ғалымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды

10.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтіп, жас ғалымдар марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Шетел азаматтарын оқуға қабылдау басталды

10.04.2023

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-ларында білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ техникалық бағытта Ресеймен серіктестігін арттырады

10.04.2023

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ресей Федерациясынан келген Оңтүстік Федералды университетінің жобалық қызмет жөніндегі проректоры Максим Бондарев және Халықаралық қызмет басқармасының басшысы Рубен Цицуашвилиді қабылдады. Сұхбат барысында тараптар ынтымақтастық бағытындағы ұсыныстар бойынша пікір алмасты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Польша университетінің сертификатына ие болды

10.04.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің студенттері Польшаның AGH университеті ұйымдастырған «Конструкциялардың жай-күйін бақылау және бұзбайтын әдістермен сынақтан өткізу» атты халықаралық онлайн-курсына қатысты.

Ары қарай оқу >>