Жаңалықтар

ҚазҰУ-да отандық ғылыми жобалар бизнес өкілдеріне таныстырылды

13.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында «Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» атты ғылыми-инновациялық көрме өтті. Онда қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары әзірлеген коммерцияландыруға дайын жобалар ірі компания басшылары мен бизнес өкілдеріне таныстырылды.

Ары қарай оқу >>

АУҚЫМЫ КЕҢ КОНФЕРЕНЦИЯ

12.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Қазақстанның көрнекті ғалым-физиктерінің бірі, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мейірхан Мүбәракұлы Әбділдиннің 85 жылдығына арналған «Әбділдин оқулары» атты қазіргі физиканың өзекті мәселелері бойынша кезекті халықаралық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Ғылым табыс көзіне айналуға тиіс

12.04.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сайланған Парламент сессиясының ашылуында: «Елдің ішкі сұранысын өтеуге қатысты бір негізгі ұстаным болуға тиіс. Ең алдымен, ішкі нарыққа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз қажет. Өңдеу өнеркәсібін инновация мен жоғары технология ғана жедел дамытады. Бұл айдан анық нәрсе. Сол себепті Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керек. Зерттеу жүргізіп, патент алу жеткіліксіз. Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет», деп атап өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Пенсильвания университетінің профессоры көшбасшылық дәріс оқыды

11.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Пенсильвания университеті Халықаралық қатынастар мектебінің профессоры Деннис Джетт «Бейбітшілікті сақтау және қақтығыс эволюциясы» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған конференция өтті

11.04.2023

        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында «Мұсылмандық Мысыр билеушісі: Қыпшақ текті Бейбарыс сұлтан және оның заманы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Бейбарыс сұлтанның туғанына 800 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ МЕКЕНІ» тақырыбына эссе байқауын жариялаймыз

11.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «KREATIVTİ QAZAQSTAN» халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып республикамыздағы жалпы білім беретін білім ордаларындағы оқушылар арасында «ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ МЕКЕНІ» тақырыбына эссе байқауын жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Елші урду тілін меңгерушілерді қолдайтынын айтты

11.04.2023

Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы жанындағы «Мухаммед Али Джинна» орталығында Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Саджад Ахмед Сихар мырзаның қатысуымен «Елші сағаты» өтті. 

Ары қарай оқу >>