Абай ілімі барлық мамандықта оқытылады
12.08.2021Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Абай күніне орай «Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» атты II республикалық онлайн-конференция өтті. Абай ғылыми-зерттеу институты мен шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шараға белгілі ғалым-ұстаздар, докторанттар мен магистранттар қатысты.






