Жаңалықтар

Докторанттар дала экспедициясына қатысты

18.08.2021

Жаз мезгілі көпшілік білім мекемелері үшін демалыс кезеңі. Алайда оқу процесінен бөлек, жаз айларын да маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар ұштастыруға әбден болады. Осы мақсатта «Дінтану және мәдениеттану» мамандығының 1-курс PhD докторанттары далалық зерттеу жұмыстарын өткізді. Далалық зерттеу докторанттардың ғылыми диссертация тақырыптарымен байланыстырылып ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Аида ҚЫСТАУБАЕВА, Биотехнология кафедрасының меңгерушісі: Биотехнология – бүкіл ғылымның тоғысқан саласы

18.08.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биотехнология кафедрасының ғалымдары өткен жылы «Вирусқа қарсы иммундық жүйені қалпына келтіруші пробиотикалық споралы интраназальді спрей» құрастырды. Осы ғылыми жаңалық авторларының бірі, биология және биотехнология факультеті Биотехнология кафедрасының меңгерушісі Аида Қыстаубаевамен кездесіп, әңгімеге тартқан едік.

Ары қарай оқу >>

ҚҰЖАТТАР ОФЛАЙН ҚАБЫЛДАНАДЫ

18.08.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бакалавр білім беру бағдарламасы бойынша грантқа түскен талапкерлердің құжаттарын офлайн форматта «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында 25-тамызға дейін қабылдайды.

Ары қарай оқу >>

Жаңа оқу жылына дайындық күшейтілді

17.08.2021

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кеңес пен ректорат отырысы өтті. Университет ұжымы онлайн бас қосқан жиынды ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, күн тәртібінде жаңа оқу жылына дайындық шаралары қаралды.

Ары қарай оқу >>

Жаңа оқу жылындағы талаптар түсіндірілді

16.08.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы жаңа оқу жылы қарсаңында білім алушылармен онлайн жүздесті. Онда ҚР БҒМ тапсырмасымен жаңа маусымға дайындық барысы талқыланып, оқу үдерісі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа талаптарға сай жүргізілетіні түсіндірілді.

Ары қарай оқу >>

Ғылымда өз қолтаңбасы бар еді...

13.08.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының жетекші доценті Нұрмат Тұңғатаров 53 жасында өмірден өтті. Физика-математика ғылымдарының кандидаты Нұрмат Нұрғазыұлы өз ісіне берілген бірегей ұстаз болатын. Ол шыдамдылық, әділеттілік және табандылық секілді қасиеттерімен өзгелерге үлгі еді және Қазақ елі мен Отанының болашағы үшін жанын салып еңбек етті. 

Ары қарай оқу >>

Бибізия ҚАЛШАБАЕВА, тарих ғылымының докторы, профессор: Басты құндылығымыз – азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім

13.08.2021

Ел тәуелсіздігінің баянды болуының бір тетігі мемлекетіміздің 30 жылдан бері жүргізіп келе жатқан этносаясатымен де байланысты. Осы уақыт аралығында әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдер қатарына қосылу мақсатында ҚР дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастырды. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы    мемлекеттің тұрақты дамуымен және өз кезегінде ел ішіндегі ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуімен байланысты. Ал мұндай мақсатқа жету үшін қазақ қоғамының мемлекеттілігі мен саяси тұрақтылығының басты тұғыры – этносаралық үйлесімділік пен келісім.

Ары қарай оқу >>

Инновация OMSystem – қазақ тілінде талдау жасайтын жүйе

13.08.2021

Бүгінде интернет беттеріндегі ақпараттарға мониторинг жүргізетін жүйелер сұранысқа ие. Себебі билік те, бизнес те қоғамның өзіне деген көзқарасын білуге құштар. Университетіміздегі деректерді талдау және өңдеу орталығының мамандары Opinion monitoring system деп аталатын жоба жасап шығарды. Бұл жүйенің басты артықшылығы – қазақ тіліндегі деректерді өңдеуге қауқарлы.   

Ары қарай оқу >>

«Qazaq universitetı» газетінің кезекті нөмірі жарық көрді

13.08.2021

Құрметті оқырман!

Университеттік «Qazaq universitetı» газетінің кезекті №30 (1812) саны жарық көрді.Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер»бөлімінен оқи аласыздар.

https://www.kaznu.kz/kz/3737/page/

Ары қарай оқу >>