Жаңалықтар

Ректор «Túrkistan» газетінің бас редакторын қабылдады

24.08.2021

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев «Túrkistan» халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбайды қабылдады. Кездесуде өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

РЕКТОР ҒАЛЫМДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

24.08.2021

Бүгінгі күні жас ғалымдарды ғылыми зерттеу бастамаларына ынталандыру негізінде елімізде іске асырылып жатқан 2020-2021 және 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми зерттеулер саны мен сапасы бойынша еліміздегі оқу орындарының арасында көш бастап келеді. 

Ары қарай оқу >>

Оқу жылы қайта жаңарған ғимаратта басталмақ

24.08.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа оқу жылында заманауи үлгіде күрделі жөндеуден өткен оқу ғимараттары мен жатақханаларды пайдалануға бермек. Білім ордасының басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев құрылыс барысымен танысып, әлі де қалпына келтіру жұмысы аяқталмаған нысандарды жоспарға сәйкес аяқтауға тапсырма берді.

Ары қарай оқу >>

Бас редактор шеберлік сабағын өткізді

23.08.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра студенттері «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетінің бас редакторы Әлия Майсейітовамен онлайн шығармашылық кездесу өткізді. Баспасөз конференциясы форматында өткен жиынға «Әскери журналистика» мамандығы бойынша оқитын білім алушылар қатысып, түрлі тақырыптарда пікір алмасты.

Ары қарай оқу >>

Баспасөз қызметі жаңа бағытқа көшті

21.08.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспасөз қызметі жоғары оқу орнының оң имиджін қалыптастыру және танымалдылығын арттыру мақсатында жаңа бағытта жұмыс істей бастады. Имидждік саясат және қоғаммен байланыс департаментінің құрамына Корпоративтік БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасы, www.kaznu.kz  сайты редакциясы, «Qazaq universiteti» газеті, Әл-Фараби теле-радио студиясы кіреді. 

Ары қарай оқу >>