Жаңалықтар

ҚазҰУ - жыл университеті

28.08.2021

Канаданың Халықаралық жетістіктерді зерттеу комитеті мен Шығыс Еуропа және Азия аймақтық орталығы (International Achievements Research Center) өткізген «Жыл университеті – 2021» халықаралық байқауының қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жеңімпаз деп танылды. Байқау директоры доктор Майкл Финнен жолдаған хатқа сәйкес, ҚазҰУ білім мен ғылымдағы үздік жетістіктері үшін «Басқару және көшбасшылық» аталымы бойынша халықаралық сертификатқа ие болды.

Ары қарай оқу >>

АЛТЫ АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.08.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Басты назарда» бағдарламасына қатысып, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Әңгіме барысында жетекші университеттің соңғы алты ай ішіндегі қол жеткізген жетістіктері, атқарылған шаруалар, жаңа оқу жылына дайындық, оқу ғимараттары мен жатақханаларға жүргізіліп жатқан кешенді жөндеу, студенттер мен оқытушыларға жасалған жағдай, пандемия кезіндегі оқу процесі және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ вирусолог-мамандар тапшылығының мәселесін шешеді

26.08.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен бірігіп, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша вирусолог-мамандарды даярлайтын болады.

Ары қарай оқу >>

Індеттің таралуын тежеудің жалғыз жолы – екпе алу

25.08.2021

Әлемді шарлаған COVID-19 індетіне қарсы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде екпе алудың қажеттілігіне байланысты бірқатар іс-шаралар қамтылды. Бұл індеттің таралуын тежеудің жалғыз жолы тек екпе алу екенін түсінген факультет декандары, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері екпені толықтай алып, ОПҚ мен білім алушыларға үлгі боларлық қадам жасады.

 

Ары қарай оқу >>

КОНСТИТУЦИЯМЫЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ

25.08.2021

1995 жылдың 30 тамызынан бері біз Конституция күнін ұлы мереке ретінде мақтанышпен атап өтіп келеміз. 30 тамыз мемлекет өмірінде ерекше атаулы күн болып табылады. Бұдан 26 жыл бұрын Қазақстан халқы Республиканың мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негізін қалаған мемлекеттің Ата заңы – ҚР Конституциясын қабылдады.

 

Ары қарай оқу >>