Жаңалықтар

Жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай 70 жаста!

05.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және көрнекті ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына орай, «Суреткер. Ғалым. Ұстаз» атты кездесу кеші өтті. Басқосуға танымал ақын-жазушылар, ғалымдар, университет оқытушылары мен студент жастар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тілші ғалымның мерейтойы құрметіне арналды

05.11.2021

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және филология ғылымының докторы, профессор Ольга Баймұханқызы Алтынбекованың мерейтойы құрметіне «ХХІ ғасырдағы филология және лингводидактика: жетістіктері, инновациялары, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы басталды. Айтулы шараға Финляндия, Түркия, Венгрия, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары, сондай-ақ Қазақстанның жетекші ғылыми-педагогикалық мекемелерінің оқытушылары мен қызметкерлері, білім алушы жастар қатысуда.


Ары қарай оқу >>

Жаңа талап – басты бағдар

05.11.2021

Ұлы ойшыл әл-Фараби есімін иеленген университетте болып жатқан әр алуан жаңалық тек университет ұжымын ғана емес, республика жұртшылығын да елеңдетері анық. Өйткені Әл-Фараби университеті қазақ білімінің қарашаңырағы ғана емес, бүгінгі таңдағы білім мен ғылым саласындағы қазақ бренді де. Ұлы ғұлама әл-Фараби есімі тек ҚазҰУ-дың ғана емес, еліміздің имиджін әлемдік деңгейге көтеруге ықпал ететін аса құнды рәміздік капитал санатында екені тағы бар.

Ары қарай оқу >>

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТӘЖІКСТАН ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

04.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықаралық байланыстар басқармасы бастығының орынбасары Анушервон Асоевты және Мемлекеттік басқару академиясының Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Алишер Саидмухторовты қабылдады.

Ары қарай оқу >>

ЖОО кәсіподақтары жанданады

04.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы Дағыстан астанасы Махачкалада өткен Жоғары оқу орындарындағы кәсіподақ ұйымдарының Еуразиялық қауымдастығының XXXIII съезіне қатысты.

 

Ары қарай оқу >>