Академик К.Байпақовтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды
18.11.2021Алматыда археолог-ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақовтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Салтанатты шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері қатысты.






